2173

Елордалық оқушы EGMO халықаралық Еуропалық математикалық олимпиадасының іріктеу кезеңінде үздік атанды

Елордалық №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ділнәз Уәлиева EGMO қыздарына арналған халықаралық Еуропалық математикалық олимпиадаға іріктеу кезінде жоғары нәтиже көрсетіп, қатысушылар арасында жеке рейтингте бірінші болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиада (EGMO) 10 жылға жуық үлкен танымалдылыққа ие болуда. 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада қашықтан өтті және оған әлемнің 25 елінен оқушылар қатысты.

Бұл олимпиадаға Қазақстан 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы аралықта еліміз 2 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Айта кету керек, өткен үш жылда Қазақстан командасында екі қатысушы – елордалық мектептердің өкілдері болды.

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізетін зияткерлік олимпиадаларда осындай кішкентай жарық жұлдыздар жарқырауда.

Олардың бірі – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Ділнәз Уәлиева 2019 және 2020 жылдары алтын және қола медаль иегері атанды.

Биыл Ділнәз көктемгі мереке қарсаңында, яғни осы жылдың 6-8 наурызында өткізілген қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO-2021) іріктеу байқауының барлық қатысушылары арасында жеке рейтингте бірінші болып өтті.

Ділнәз команда құрамында EGMO олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109