2474

Нұр-Сұлтанда балабақшалардың кезекші топтарында бала санын ұлғайтуға рұқсат етілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 2021 жылғы 3 наурыздағы шектеу және карантиндік шаралар туралы қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жайлы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өзгерістерге сәйкес, балабақшалардағы балалар санын 15-тен 25-ке дейін көбейтуге рұқсат етілген.

«Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыруды, әр топта 25 баладан артық емес толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтау арқылы және жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеумен және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салумен қамтамасыз ету қажет», - делінген қаулыда.

Сол сияқты, жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109