2249

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 16 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл ел астанасында 40 мың оқушыға арналған мектептер ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Таңертеңгілік қаланы аралау барысында бірқатар мектептің құрылысымен таныстым. Мысалы, Есіл ауданында орналасқан мектеп (Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысы) екі ауысымда 2400 оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Соншама орын Алматы ауданындағы мектепте (Қ.Сәтпаев және Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысы) құрылады.

Техника мен адамдарды жұмылдыруды тапсырдым. Оқу орындарын барлық қажетті жабдықтармен қамтып, мектептерге кірме жолдарды ойластыру, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға ерекше назар аудару қажет. Екінші мектеп бойынша да инженерлік желілерге қосылу мәселесін шешуді тапсырдым.

Биыл барлығы 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарын салу кезінде ірі мектептерге көшеміз. Осы шаралардың арқасында биыл ғана 40 мыңнан астам оқушы орны құрылады. Демек, 2020 жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 еседен астам, ал 2019 жылға қарағанда 4 есе ұлғаяды.

Мысалы, өткен жылы 11 мектеп салынды. Бұл үш ауысыммен оқытатын мектептер санын 8 – ден 4-ке дейін, ал тығыздалған режимі бар мектептер санын 22-ден 14-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бірқатар мектептер жылыту қазандығынан орталыққа ауыстырылды. Бұл жыл сайын 100 млн теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартамыз. Инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жеке меншік мектептің құрылысы қолданды. Сонымен қатар, кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған.

Сондай – ақ, қолданыстағы оқу орындарына тиісті назар аудару қажет-өткен жылы 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделді. Осы жылы да жұмыстар жүйелі деңгейде жалғаса бермек», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109