2380

Елордада Мәмбетов көшесін жазғы жаяу жүргіншілер көшесіне айналдыру жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығында қала белсенділерінің, кәсіпкерлердің, шығармашылық өкілдерінің қатысуымен жазғы жаяу жүргіншілер көшесінің жобасы қоғамдық талқылаудан өтті. Туристерді тартудың жаңа орталығы ретінде жоспарланып отырған Мәмбетов көшесінде функционалды аумақтарды қалай және қайда орналастыру керектігін талқылап, өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Урбанистика орталығы өз кезегінде Ә.Мәмбетов көшесін жаяу жүргіншілер үшін жазғы көшеге айналдыруды жоспарлап отыр. Демалыс күндері автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Мұнда жол бойында фестивальдер, жәрмеңкелер, қойылымдар өткізілмек. Көшені антиквариат заттар мен гастрономиялық өнімдер сататын, сол сияқты экскурсиялар өткізетін орынға айналдыру ұсынылды.

Жиналған жұрт алдағы кездесуде нақты ұсыныстарын әзірлеп, көшені қызықты дүниелерге бірлесе «толтыру» туралы шешімге келді.

Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен қала тұрғындарымен өткен кездесулердің басты мақсаты – табысты жобаны құру екенін айрықша атап өтті. Елорданың әрбір тұрғыны қаланың тарихи бөлігін қызықтап, шығармашылығынан ләззат алып қана қоймай жаяу серуендеп, жәрмеңкелер мен көшенің өзге де іс-шараларына қатыса алады.

Еске сала кетейік, Мәмбетов көшесінде Шығыс мерекелерін, яғни ұлттық тағамдар фестивальдерін, қолөнершілер жәрмеңкелерін, туристік экскурсиялар мен басқа да ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109