2492

Оқушылар көктемгі каникулын пайдалы өткізу үшін онлайн іс-шаралар өткізіледі – Римма Иманғазинова

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова оқушылардың алдағы көктемгі демалысын пайдалы өткізу үшін онлайн іс-шаралар ұйымдастырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Біз үшін маңызды мәселелердің бірі оқушылардың 20 наурызда басталып, 31 наурызға дейін созылатын көктемгі каникулды өткізу мәселесі болып саналады. Каникул «Қазақстан балалары – Көктемгі тамшы!» ұранымен өтеді», - дейді Білім басқармасының өкілі. Каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру үшін онлайн режимде өтетін іс-шаралар жоспары әзірленгенін айрықша атап өтті.

«Алдымызда мереке күндері, яғни балаларымыздың көктемгі каникулы келе жатыр. Барлықтарыңызға жақсы демалыс және жақсы көңілмен төртінші тоқсанда жалғастыруды тілеймін! Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларды қатаң сақтауларыңызды сұраймын», - деп Білім басқармасы басшысының орынбасары баяндамасын аяқтады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109