2373

Мереке күндерінен кейін елордада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны артты – Сархат Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясының көрсеткіші артқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Соңғы аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында CОVІD-19 инфекциясы тұрақсыз деп бағаланады, тіркелгендер саны күніне 70-тен 143 жағдайға дейін ауытқып отыр. Соңғы аптада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптадан бастап 9,9%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 59,25 репродуктивтік саны 1,055-ті құрады. Тиісінше, 10 наурыздан бастап қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймаққа» өтті», - деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша коронавирустық инфекцияны тіркеуді жалғасуының негізгі себептері бұрынғысынша тұрғындардың карантиндік іс-шараларды сақтамауы, яғни адам көп жиналатын орындарға баруы, бетперде тағуды ескермеуі, ауырғандар, не олармен жақын байланыста болған адамдардың да үй карантиндік режимін сақтамауы болып саналады.

«Мерекеден кейін әдетте коронавирустың оң жағдайларын тіркеу саны көбейетінін ескере отырып, бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынғанын еске саламыз. Оның ішінде, «Наурыз» мейрамын жаппай атап өтуге, сондай-ақ қызметі қайта жанданбаған нысандарға баруға тыйым салынған. Санитарлық нормаларды қатаң түрде сақтау, яғни маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет», - деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109