2404

Елордада мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мониторинг топтарының жұмысы күшейтілгенін, сол сияқты COVID-19 инфекциясының жұқтыру көрсеткіші артқанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Демалыс, мереке күндері де, басқа күндері де мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады. Нысан иелері коронавирустың ауырлығына мән беруі керек. Біз жұмыс уақытын ұзарттық, сондықтан жұмыс кестесін бұзбауды, сол сияқты санитарлық нормаларды толықтай сақтауды талап етеміз. Немқұрайлы қараған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады. Қала тұрғындарының денсаулығы үшін барлық шаралар қабылданып жатыр», - деді Сархат Бейсенова.

Сөзін жалғай отырып соңғы тәулікте инфекцияның 112 жағдайы тіркелгенін, 110 ошақ анықталғанын айрықша атап өтті.

«Жыл басынан бері елордада COVІD-19-бен 7603 адам жұқтырды. Оның ішінде қаңтарда – 3763, ақпанда – 2811 және наурызда – 1029. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдардың үлес салмағы ақпан айындағы 45%-дан наурыз айында 49 %-ға дейін өскені байқалады, бұл үй ошақтарында болған адамдардың алдын алу шараларын сақтамайтындығын растайды», - деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Сөз арасында қалада 912 үй ошағы бар екенін, онда 2500 байланыста болған адам медициналық бақылауда тұрғанын айтып өтті.

«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жобаға 36 кәсіпкерлік нысаны қатысуда. Бұл жоба «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерге кірген кезде келушінің COVID мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді, яғни тек үйде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын адамдарды анықтауға бағытталған», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109