2399

2021 жылы Нұр-Сұлтанда әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандар салудан рекорд орнайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл салынатын әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Былтыр құрылыс қарқынын сақтап қана қоймай, айтарлықтай ұлғайттық. Биыл әлеуметтік тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салудан рекорд орнатпақпыз. Құрылыс жұмыстары елорданың барлық аудандарында полиорталық қағидасы бойынша жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қажет нысандардың барлығы жақын қашықтықта орналаспақ.

Бүгін қаланы аралау кезінде Алматы ауданында орналасқан жеңілдікпен берілетін тұрғын үйдің, сонымен бірге - мектеп құрылысы барысымен таныстым.

Қаланы жиі аралап тұрамын. Сонда ғана құрылыс салушылар құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, сапалы жұмыс істейді, ал біз жағдайды тек қағаз бетінде емес, құрылыс нысандарында болып жатқан нақты бейнені көреміз. Жұмысқа немқұрайлы қарайтын құрылыс компанияларының қызметінен бас тартамыз. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару қажет.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй саны жоспарлы түрде ұлғайып келеді. Егер 2018 жылы елордада жеңілдікпен берілетін 1100 пәтер салынса, 2019 жылы - 2900, ал 2020 жылы - 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл осы көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Мектептер салу кезінде, ең алдымен мұқтаждық бар жерлерді таңдаймыз: ол ең алдымен - халық тығыз орналасқан және жаңа салынып жатқан аудандар. Соның ішінде, елді-мекендер де бар. Мәселен, өткен жылы Мичурино елді-мекенінде мектеп салынды. Бұрын онда бірде-бір мектеп болмаған еді. Балалар мен мұғалімдер бейімделген бөлмеде отыруға мәжбүр болды.

Биыл барлығы 16 мектеп саламыз. Бұл - 40 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда қамтылатын оқушы саны 2 еседен астам көбейеді», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109