2053

Елорданың мемлекеттік органдарына КВИ-ға қарсы ерікті түрде вакцинациялау бойынша халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеңес барысында елордада коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, КВИ-ге қарсы вакцинация, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселелері талқыланды.

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, қалада коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының саны күніне 70-тен 143-ке дейінгі аралықты құрайды. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 9,9%-ға жоғары.

«Коронавирус инфекциясын тіркеудің негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы болып саналады, яғни адам көп жиналатын орындарға бару, бетперде тақпау, пациенттермен жақын байланыста болған адамдардың үй карантині режимін сақтамауы», - деп түсіндірді елорданың санитарлық дәрігері.

Оқу жылының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 89 мектеп карантинге жабылды. Бүгінде 22 мектепте карантин жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта қалада күніне 12 955 зерттеу қуаты бар 24 зертхана жұмыс істейді. Онда тәулігіне орташа есеппен 3500-ден 6000-ға дейін зерттеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, 12 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 компонентімен 5 256 адам егілді, оның ішінде 3 281-і – медицина қызметкері, 877-сі - педагог, 272-сі – ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ҚР МКҚ және т.б. қызметінің мамандары, 2 компонент 1 901 медицина қызметкеріне енгізілді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барлығы 287 шұғыл хабарлама келіп түсті, олардың негізінде 280 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 60,5 млн теңгеден астам сомаға 261 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кеңес барысында елорда «қызыл аймаққа» енгеніне қарамастан жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы Қаулысының талаптарын сақтамайтыны атап өтілді.

Жиын соңында Бақтияр Мәкен қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың бәріне халықты ерікті түрде вакцинациялау бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Эпидбақылау департаментіне короновирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша бақылау және қажетті шараларды уақтылы қабылдау жөніндегі іс-шараларды жалғастыруды тапсырамын», - деп түйіндеді елорда әкімінің орынбасары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109