2544

Коронавирус жағдайында өткен бір жыл – Нұр-Сұлтан қаласының мебдикесі карантиндік стационардағы жұмысы туралы айтып берді

№3 көпбейінді қалалық аурухананың №2 тері-саңырауқұлақ бөлімшесінің тәулік бойғы стационарының аға медбикесі Әлия Шерниязқызы Тәжібаева «Рамада Плаза» қонақүйі стационар ретінде ашылған сәттен бастап, яғни 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Ары қарай бұл орын провизорға айналды, ал шілдеден бастап жұқпалы аурулар ауруханасы болды. Әлия Шерниязова онда 2020 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді.

«Жазда науқастар легі өте көп болды. Түрлі жастағы пациенттер келді. Олардың арасында жағдайы тым мүшкілі де болды. Жақындарына хабарласып, мына өмірмен қоштасып жатқандарына да талай куә болдым. Көп нәрсе біздің жұмысымызға байланысты болды. Яғни емдеу тәсілі мен дәрігердің белгілеген ем-домы ғана емес эмоциялық тұрғыдан да науқастарға дем беруіміз керек еді. Әр пациенттің көңіл күйін көтеріп қана қоймай күш-жігер беріп, ертеңіне сеніммен қарауы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Мұндай жағдайда жатқаннан кейін олардың көңілі де көтеріңкі болмасы анық. Дегенмен дәрігерлердің де робот емес адам екенін ұмытпаған жөн. Біздің де отбасымыз, мойнымызға жүктелетін жеке шаруаларымыз бар. Бірақ біз бәрін тастап күндіз-түні науқастардың жанында болдық. Ауа өткізбейтін, ыңғайсыз қорғаныс киімдерімен күндіз-түні жүру өте қиын еді. Біірақ біз бәріне төтеп бердік», - дейді дәрігер.

Науқастардың көбі дем ала алмай ауыр күйде түсті. Қажет жағдайда оларға ИВЛ аппараты қосылды. Өз кезегінде медбикелер ұйымдастырған дем алу гимнастикалары да үлкен септігін тигізді.

«Медбикелердің мойнына үлкен жұмыс жүктелді. Емдеу жолының бәрін бақылау, науқастарға уақытылы дәрілерін беру, инъекцияларын салу, система қою, артериалды қысымына мониторинг жасау, дене қызуын тексеру, сатурациясын анықтау секілді міндеттер тапсырылды. Ауыр күйде түскен әрі мінезі ауыр науқастар да болды. Олар күндіз-түні жанынан кетпеуін талап ететін. Бұл оңай емес. Өз ауысымыңда 100% жұмыс істеп, науқастарды емдеуде жан-дүниеңді салуың керек. Медбикелердің бір минут та тыныш отыруына мүмкіндік болмады. Бәрін бақылауда ұстап, дәрігердің ем-домын уақытылы орындауың қажет», - деді ол.

Бұл салада Әлия Тәжібаеваның еңбек етіп жүргеніне 23 жыл болды. Ол 2008 жылдан бастап №3 көпбейінді қалалық ауруханада қызмет етіп келеді.

«Қазақстанға келгеннен кейін түйіндемемді біраз жерге жібердім. Бірақ жұмысқа шақыратыны жайлы бірде бір хабар түскен жоқ. Ал №3 көпбейінді қалалық аурухана ертеңінде-ақ жауап берді. Бұл жерге келгенімде ұжым да, жұмыс орным да ұнады. Бірнеше күннен кейін-ақ жұмысқа шықтым. Бұл орында жұмыс істегеніме әлі күнге дейін қуанамын», - деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурызы мен шілдесі аралығында «Рамада Плазадан» бес мыңнан аса науқас емделіп шықты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109