2382

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Тұрғындардан келіп түсетін мәселелерді шешу уақыты қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Мысалы соңғысына - ірі объектілердің, жолайрықтардың, инженерлік желілердің, нөсер кәріздерінің және т.б. құрылысы жатады, өйткені олар бойынша бірінші кезекте барлық құжаттаманы дайындап, сосын ғана тікелей іске асыруға кірісу қажет.

Азаматтарды қабылдау кезіндегі сұрақтарды да сол қағида бойынша бөлеміз. Бүгін кезекті рет азаматтарды онлайн қабылдадым. 20-ға жуық адам қатысты. Әр тұрғын 3-4 сұрақпен жолықты. Мәселелерді шешу барысында жеке сұрақтан жалпыға көшуге тырысамыз. Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша түсетіндіктен, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік,14) мен Тұрғын үй саласында қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32) ашылды. Олар тиімділігін көрсетті.

Сонымен қатар, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, қосымша білім алу және т.б. бойынша сұрақтар келіп түседі. Осы жылдың басынан бері орынбасарлар, басқарма басшылары және аудан әкімдері мыңға жуық тұрғынды қабылдады. Азаматтарды қабылдауды апта сайын өткіземіз - бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында кері байланысты айтарлықтай нығайтуға, қала тұрғындарын барынша көбірек қамтуға мүмкіндік береді», - деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109