2984

Елордалық боксшылар халықаралық турнирде алтын және күміс жүлдені жеңіп алды

Германияның Келн қаласында 10-14 наурыз аралығында өткен бокстан халықаралық турнирге 16 елден жүзге жуық былғары қолғап шеберлері жиналды. Онда ел атынан сынға түскен елордалық қос боксшы алтын және күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Айбек Оралбай бокстан халықаралық турнирде топ жарып, бірінші орын иегері атанды. 91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан спортшымыз финалда бразилиялық боксшы Джуниор Абнерді ұтып, жеңімпаз атанды. Ал Айбектің інісі Нұрбек Оралбай (81 келі) аталған додада күміс жүлдеге қол жеткізді.

Байрақты бәсекеде ел намысын сегіз спортшы қорғап, олардың алтауы жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Жалпы командалық есепте ел құрамасы бірінші орынға шықты.

Ағайынды Оралбайлардың бапкері Асқар Еркебаев жарыс жоғары деңгейде өтті деген бағасын берді.

«Жарысқа барлық елден номері бірінші деген спортшылары қатысты. Менің шәкірттерім ағайынды Айбек, Нұрбек Оралбайлар жақсы өнер көрсетті. Нұрбекті қарсыласына есе жіберді деп санамаймын. Балаларыма ризамын. Қазақ боксының деңгейін көрсеттік деген ойдамын. Бір алтын бір күміс жүлдені елордамызға алып бара жатырмыз. Алдағы мақсатымыз – әлем чемпионаты. Тәжірибемізді шыңдап, жоғары дәрежеде өнер көрсетеміз деген сенімдемін», - деді Асқар Еркебаев өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік елордалық 20 жастағы егіз ағайынды боксшылардың үлкені Айбек жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы болса, ал кішісі Нұрбек жастар арасында Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109