2356

Елордада грэпплингтен Қазақстан кубогы өтті

Ел кубогын сарапқа салған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің ресми сайты.

Екі күнге созылған бәсеке 2008-2009 жылғы балалар мен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында өтті.

Жалпыкомандалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы 15 алтын, 11 күміс және 16 қола жүлдемен ел кубогын жеңіп алды.

Екінші орында – Алматы облысының спортшылары. Жетісулықтардың қоржынында 10 алтын, 6 күміс, 14 қола жүлде.

Ал Маңғыстау облысы 7 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлдемен үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алиннің айтуынша бұл жарыс – Қазақстан грэпплинг қауымдастығының биылғы алғашқы додасы.

«Бұл жарыс алдын ала іріктеу турнирі. Осы жылдың сәуір айының соңында Қарағанды қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді, ол да әлем чемпионатына іріктеу жарыстарының аясында ұйымдастырылады. Жалпы бүгінгі жарыста спортшылардың дайындық деңгейі өте жақсы», – деді Қанат Алин өз сөзінде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109