3343

Науқастарды ес-түссіз күйде каталкамен әкеліп жатты: елорда дәрігерлерінің пандемия басталғаны туралы естеліктері

Жұқпалы аурулар стационарларының қабылдау бөлімшелерінде жұмыс істеген елордалық дәрігерлер коронавирус пандемиясының алғашқы толқыны туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

№15 қалалық емхананың дәрігері Айнұр Қарауылова мамыр айының басынан коронавирус жұқтырған науқастар жатқан жұқпалы аурулар орталығының қабылдау бөлімінде жұмыс істеді. Сол күндергі атқарған жұмысын қайғыра отырып та, бір жағынан қуана отырып та еске алды. Себебі қиын кезеңге қарамастан дәрігерлер қаншама адамды емдеп шығарды.

«Бастапқыда науқастар легі айтарлықтай көп бола қоймаған еді. Бірақ көп ұзамай жағдай мүлдем басқа бағытта өзгеріп салды. Маусым айының соңынан бастап науқастар саны күрт артты. Күн-түн демей жұмыс істедік. Әріптестерімнің арасында да жұқтырып, жұмыс істей алмай қалғандары болды. Ауыр міндет бәрімізге бірдей жүктелді. Жедел жәрдем көліктерінің бірі кетіп, екіншісі келіп жатты. Тіпті үш-төрт жедел жәрдем көлігі кезек күтіп тұрған кез болды. Науқастарды ес-түссіз каталкалармен әкеліп жатты. Бір сөзбен айтқанда өте қорқынышты кезеңді бастан өткердік», - деп Айнұр Қарауылова еске алды.

Дәрігердің есінде жылдам әрекет етуі тиіс мына бір жайт ерекше қалыпты:

«Күндердің бірінде өкпенің қатерлі ісігі бар, дене қызуы жоғары, сатурациясы 30-дан төмен, ес-түссіз жатқан науқасты жеткізді. Дереу дефибриллятормен реаниматологтар бригадасын шақырып, каталкада жатқан науқаспен бірге жансақтау бөліміне ұшып жеттік. Уақыт жоғалтпай реаниматологтармен бірге ИВЛ аппаратын қойдық. Мұның бәрі 5-30 минут аралығын құрады. Дәл осы аралықта науқастың жанын ана өмірден қайтарып алдық десем де болады. Осы сәт көз алдымнан ешқашан кетпейді», - дейді ол.

Айнұр Қарауылованың айтуынша шілде айы бойы науқастар ауыр халде түсіп жатты. Сөз арасында сатурация жағдайы мүмкіндік беріп тұрғанда оларды компьютерлі томографияға бірден апарып жатқанын айтып өтті.

COVID-19 инфекциясымен күресте алдыңғы шепте еңбек еткен дәрігер Гүлназ Қадір де жазғы кезеңдегі жұмысы жайлы ой бөлісті.

«Өмір бір-ақ рет беріледі. Осы өмірде қиындықтың бәрін жеңу керек деп ойлаймын. Пандемияның күшейген шағында жұмысымыз айтарлықтай ауырлады. Бастапқыда көбісі емдеу тәсілінен бейхабар еді. Оған қоса медицина қызметкерлерінің өздері де жұқтырып, жағдай тіптен қиындады. Ауырған дәрігердің бір жұмысы басқа әріптесіне екі есе болып жүктелді. Бірақ мұндай қиын шақта бір-бірімізге қолдау көрсетуге барынша тырыстық», - дейді бөлім меңгерушісі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109