3872

Нұр-Сұлтанда колизей ашылады

Елорданың Ататүрік паркіне реконструкция жұмыстары жүргізіледі. Мұнда осы жазда көше спортының колизейі пайда болмақ. Екі деңгейлі мультифункционалды аренаның 4 кіреберісі, периметрі бойынша отыратын орны болады. Ал екінші деңгейінде көлеңкелі шатырлар қарастырылған.

Екі деңгейлі арена баскетбол, футбол жарыстары, бокс турнирлері, би батлдары және гимнастика жарыстары өтетін орынға айналады. Қыста стенд хоккейшілер мен конькимен сырғанаушылар үшін мұз айдынына айналуы мүмкін.

«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қала аумақтарын, яғни саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын абаттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, Ататүрік паркін функционалды түрде стритфуд, спорттық-жаттығу, балалар ойын және мини-экстремалды алаңдарға бөлу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында көше спортын насихаттауға баса назар аударылып отыр. Бұл жұмыс бүкіл қала бойынша жалғасатын болады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Саябақ аумағында стритболға арналған 5 алаң жасау жоспарлануда. Осылайша, бір уақытта әртүрлі алаңқайда ойындар өткізуге болады. Бұл өз кезегінде жарыстарға да ыңғайлы.

Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, саябаққа көлеңке түсіру үшін қалқалар, әткеншектер, көше жиһаздары, жылдам тамақтануға арналған павильондар орнату жоспарланған. Жұмыс биыл басталады.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізіліп жатыр. Оны жүзеге асыру аясында былтыр елордада 60 қоғамдық кеңістік құрылып, 150-ден астам аула абаттандырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109