2106

Нұр-Сұлтанда мектеп инспекторларына арналған оқыту семинары өтті

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі қауіп тобындағы балалармен профилактикалық жұмыс жүргізуде кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында елордалық мектеп инспекторларына арналған оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

10-15 наурыз аралығында өткен іс-шараға «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімі ұйытқы болды.

Жиын барысында «Астана дарыны» ДДжПСО   ғылыми кеңесшісі, п.ғ.д., ә.ғ.д. профессор Александр Тесленко, КЭПП суицидолог, психологі Михайл Смецкой баяндама жасады.

Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды:

✓ жасөспірімнің жеке басын әлеуметтендіру: мақсаттары, факторлары, құрылымы;
✓ жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заманауи қауіптері;
✓ әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларының құрбандары мен типологиясы;
✓ әлеуметтік ауытқулардың (девиация) пайда болу формалары мен факторлары;
✓ аутодеструктивті мінез-құлық және өмірге қауіп төндіретін қауіпті мінез-құлық;
✓ жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының себептері;
✓ мектеп инспекторы және  мектеп психологінің бірлескен жұмыстары;

Семинарға қатысушылар аутодеструктивті мінез-құлық құрылымымен, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің нысандары мен триггерлерімен, себептерімен және  кәмелетке толмағандарда суицидтік қауіп факторлары анықталған кездегі мектеп  және  инспекторлардың өзара іс-қимыл алгоритмімен танысты. Туындаған сұрақтарға  дәріс  соңында жауаптар берілді.  

Семинарға 52 инспектор қатысты.

Айта кетейік, іс-шара толығымен санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109