3427

Елорданың бас санитарлық дәрігері Нұр-Сұлтанда карантиндік шараларды қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды. Құжат 18 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қол қойылған құжатқа сәйкес меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Сондай-ақ, сауда, қызмет көрсету нысандарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыстар күшейтілуде.

Жексенбі күндері елордада СОО, СО, СҮ (онда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және қызметі орналасқан жеріне қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ, сол сияқты қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://astana.gov.kz/ru/news/akty_akima_akimata/26563.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109