2090

Бір ауысымда 500-ден 700-ге дейін көлік өткіздік – медбике блок-бекеттегі жұмыс жайлы

№4 қалалық емхананың медициналық қызметкерлері 29 наурыз бен 31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Талапкер елдімекенінде орналасқан блок-бекетте екі ауысымда жұмыс істеді. Бірінші ауысым 10:00-22:00 аралығында жұмыс істесе, екінші ауысымға 22:00-08:00 уақыты жүктелді.

«Жұмыс өте ауыр болды. Медициналық қызметкерлер әр ауысымда 500-ден 700-ге дейін көлік өткізді. Олар термометриямен, анкета толтырумен айналысты. Ал шетелден келгендерге ПТР талдау жүргізді. Олардың басым бөлігі студенттер болатын. Көктем мезгілінде, ауа райы құбылмалы шақта күн-түн демей жұмыс істедік. Ал бөлме ішінде үнемі жұмыс істеуге мүмкіндік болмайтын. Осындай қиын кезеңде үш мезгіл уақытылы ас-суымызды жеткізген әкімдікке алғысымыз шексіз. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жеке қорғаныс құралдарымен, антисептиктермен үнемі қамтамасыз етіп отырды. Ол жағынан еш қиындық туындаған жоқ», - деді елордалық №4 емхананың медбикесі Бақыт Қасенова.

Өкінштісі, күн жылынып, жаз мезгілі орнаған шақта блок-бекеттерде жұмыс істеген және COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастармен байланыста болған үш медбике коронавирус жұқтырып алды. Қазір олар емделіп шығып, емханада жұмыс істеп жүр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109