2873

Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері салмағы 960 грамм сәбиге күтім көрсетіп жатыр

Бүгін №2 қалалық көпбейінді ауруханада шала туған сәбидің «қырқынан шығару» салты өткізілді. Бұл оқиға Анар Әшімованың отбасында болып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, №2 ГМБ акушерлік блогына орта есеппен 370-ке жуық шала туған бала түседі.

«Бала 5 ақпан күні дүниеге келді, салмағы - 960 грамм, бойы - 42 см. Өте кішкентай болғанмен денсаулығы жақсы болды», - дейді неонатолог-реаниматолог Шолпан Нұрашбекова.

Балаға Батыр есімі берілді. Ол 27-аптада кесарь тілігі арқылы дүниеге келді, өйткені анасының суы аз, яғни хориоамнионит болды. Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестенің салмағы - 1 345 грамм. Бала туған сәттен бастап дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлер қазақ халқының дәстүрін сақтап, аурухана қабырғасында «қырқынан шығару» рәсімін өткізді. Бүгінде сәби 40 күн бойы жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесінде жатыр. Гемодинамикасы тұрақты.

«Бұл менің үшінші балам. Мен де, отбасым да №2 ГМБ акушерлік блогындағы медицина қызметкерлерінің бәріне, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөліміне жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен мейірімділігіне өте ризамыз. Мұнда ең мықты деген кәсіби медициналық команда жасақталған. Отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, амандық, барлық игілік және тілектеріңіздің орындалуын тілеймін. Атқарған жұмыстарыңызға тағзым етеміз», - деп Батырдың анасы дәрігерлерге алғыс айтты.

Айта кетейік, «қырқынан шығару» - (балаға қырық күн) бала өміріндегі ең қасиетті салт болып саналады. 40 күнге дейін нәресте үшін бұл әлем қауіпті деп есептеледі. Сол себепті жұрт көзінен алшақта болып, ешкімге көрсетілмейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109