2552

Елорда әкімі қала тұрғындарына үндеу жолдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бір жыл бұрын елімізге «комендаттық сағат» енгізілгенін еске салып, коронавируспен күрес қалай жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Тура бір жыл бұрын елімізде әлемдік пандемияға байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қала аумағында блок-бекеттер орнатылып, "коменданттық сағат" жарияланды. Содан бері медицина қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде келеді. Мемлекет жедел қабылдаған шаралардың арқасында індеттің таралу қаупін азайту мүмкін болды. Дегенмен, вирус әлі де бар.

Қазір елорда - қызыл аймақта. Бірқатар карантиндік қосымша шектеулер қойылды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тіркелген жағдайлардың өсуі - мереке алды және мереке күндері байқалады. Осы жексенбі - 21 наурызда қалада локдаун жарияланады. Барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе де қауіп төндірмеу керек. Жағдайға немқұрайлы қарай алмаймыз, себебі індетке қайта шалдығу қаупі бар. Коронавирусты жеңіп шыққанның өзінде де денсаулықты күткен жөн.

Қиын кезеңнен ауызбіршілікпен өтуіміз керек. Инфекция жұқтырған адамдардың санының күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Коронавируспен күресудің тиімді әдістерінің бірі - вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, санитария нормаларын сақтап қана қалыпты өмірге орала аламыз», - деп жазды қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109