2048

Елордада карантиндік шектеулерді бұзған 4 кәсіпкерлік нысан анықталды

Елордада карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен тәулікте олар маска режимін және белгіленген жұмыс кестесін бұзған 4 кәсіпкерлік нысанын анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданының Оқжетпес көшесіндегі дүкенде мониторингтік топ қызметкерлердің маска режимін бұзғанын анықтады.

Сондай-ақ, «Мята» лаундж бары түнгі сағат 12-ден кейін тамақтану орындарында шектеулерге қарамастан жұмысын жалғастырды.

Алматы ауданындағы "Атом" компьютерлік клубының жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан заңды аттап, карантин тәртібін бұзды.

Байқоңыр ауданында орналасқан Шашлыкофф гриль барында да карантиндік шектеулердің бұзылуы анықталды.
Құқық бұзушыларға қатысты барлық материалдар кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл аймаққа» енді. Карантиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Жақында елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулерді күшейту туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес жексенбі күндері кәсіпкерлік нысандарының біразының жұмысына тыйым салынады. Құжат 18 наурызда күшіне енеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109