2769

Нұр-Сұлтанның Оңтүстік-Шығыс елді мекенінде газдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Оңтүстік-Шығыс елдімекенінде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмысы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Таңғы аралау кезінде Оңтүстік-шығыстағы газ тарату желілерінің құрылыс барысымен таныстым. Қазір қазу жұмыстары мен газ реттегіш шкаф пунктін орнату жүргізіліп жатыр.

Мердігерге, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді, қауіпсіздікке ерекше назар аударуды тапсырдым. Оңтүстік-шығыс шағын ауданының тұрғындары келесі жылыту маусымына дейін газға қосыла алады. Елді-мекен тұрғындары ғана емес, қала тұрғындары да үйлерін газбен жылыта алады.

Бұған дейін, Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашық (бір бөлігі ғана) елді-мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. Биылғы жылыту маусымында ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бірқатар су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды.

Газдандыру мемлекет басшылығының бақылауында. Газдандыру процесі үш кезеңнен тұрады.

Газдандыру атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтарды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, экологияға оң әсер етеді. Сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Өйткені, көмірдің сапасын, оны сақтауды уайымдап, күні бойы үйде болудың қажеті жоқ», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109