2655

Нұр-Сұлтанда полицейлер мен мұғалімдерді COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасуда

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы мен мұғалімдер коронавирустық инфекцияға қарсы екпе қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәртіп сақшыларының арасында вакцина алдымен тұрғындармен тығыз байланыста болатын, вирус жұқтыру қаупі жоғары полицейлерге салынады. Олардың арасында учаскелік полиция инспекторлары, потрульдік полицейлер, ювеналдық полиция және басқа да қызметтер бар.

Вакцина салмастан бұрын міндетті түрде дәрігер дене температурасын, жүрек қағысын, артериялық қан қысымын, тыныс алуын және жүрек-қан тамырлары жүйесін, ауыз қуысын тексереді, эпидемиологиялық анамнез нақтыланады.

Вакцинацияға тек екпеге қарсы көрсеткіші жоқ қызметкерлер ғана кіргізілді.
Потрульді полиция қызметінің инспекторы Айбек Құрамысов вакцина алғаннан кейін өзін қалай сезініп тұрғанын айтты.

«Медициналық тексерістен кейін вакцинаның бірінші компонентін алдым. Өзімді қалыпты сезініп тұрмын, жұмыс орнындамын. Вакцинацияның вируспен күресте көмегі тиетініне сенімдімін. Пандемия басталғаннан бері полиция қызметкерлері түрлі жағдаймен ұшырасып, вирус жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда алдыңғы шепте жүр ғой», – деді полиция аға лейтенанты.

Айта кетсек, вакцинация Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің емханасында өтті. Оларға Қарағандыда өндірілген отандық Гам-КОВИД вакцинасы салынды.

№85 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Жансерікова ең бірінші өзінің оқушыларының қауіпсіздігі үшін вакцина қабылдағанын атап өтті.

«Бізге нақты нұсқама берілді және алдағы 3 күнде болуы мүмкін симптомдар туралы түсіндірді. Қысқа-нұсқа, бәрі түсінікті жазылған. Біз еліміздің азаматы және патриоттары ретінде екпе алу үшін келдік. Қаншама оқушымен байланыста боламыз. Сондықтан олардың, өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін вакцина салдыратын болдық. Бізді ешкім күштеп, мәжбүрлеп жатқан жоқ. Екпе салдыруға тағы 7 әріптесім бірге келді», – деді Айнұр Жансерікова. 

Екпе салынатын адамға процедура өткізу алгоритмі көрсетілген «пациенттер маршруты» беріледі.

«Алдын ала жасалған тізім бойынша азаматтарды екпе салуға шақырамыз. Жалпы тексеруден өтеді, қажетті мәліметтер беріледі. Одан кейін пациенттің келісімі алынып, екпе салынады. Екпеден соң 30 минут біздің бақылауымызда болады. Егер ешқандай аллергиялық реакция байқалмаса үйіне жібереміз»,- деді «Шипагер» емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Сандуғаш Зұлпұхарова.

Дәрігердің айтуынша, 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ЖРВИ симптомдары бар, сонымен қатар соңғы 6 айда коронавируспен ауырған азаматтарға екпе салынбайды.
Екпе жасалғаннан кейін 3 күн бойы моншаға баруға, яғни екпе орнын сулауға болмайды. Спирттік ішімдік ішуге және ауыр жұмыс істеуге де тыйым салынған.
 
Естеріңізге салсақ, Қазақстанда вакцинация кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезеңде, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны инфекциялық ауруханалардың дәрігерлері, жедел медициналық жәрдем станцияларының, жансақтау бөлімдерінің, ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің, санэпидқызмет және басқа да бөлімдердің мамандары қабылдады. 1 наурыздан бастап вакцинацияның екінші кезеңінде полицейлер мен мұғалімдерге және медициналық ұйымдардың басқа да бөлімдерінің қызметкерлеріне екпе салынуда. Ал вакцинацияның үшінші кезеңінде созылмалы аурулары бар және басқа да санаттағы азаматтар қамтылады. жыл соңына дейін Қазақстанда вакцина қабылдаған азаматтар санын 6 миллионға жеткізу көзделіп отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109