19779

«Былтырғы жағдай тағы да қайталануы мүмкін» - Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады

«Былтырғы жағдай тағы да қайталануы мүмкін» - Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады.

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастардың саны күн санап өсіп барады. Науқастар ауруханаларға ауыр күйде түсіп жатыр. Бұл туралы елорданың штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева мәлім етті.

«Былтырғы жағдай тағы да қайталана ма деп қорқамыз. Қазіргі уақытта КВИ көрсеткіші бәрімізді алаңдатып отыр. Қазір науқастар ауыр және өте мүшкіл халде ауруханаларға түсіп жатыр. 18 наурыз күні қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 307 жағдай анықталды», - дейді көпсалалы медициналық орталықтың инфекциялық блогының дәрігері.

Дәрігердің айтуынша ИВЛ аппараттарда жатқан науқастар саны күрт артыпты.

Жансақтау бөліміне тәулігіне жаңадан 5 науқас жатқызылады. Әсіресе, артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде және кәрі жастағы адамдар үшін коронавирус өте ауыр өтеді, дейді С. Атығаева.

«Өткен жаздағы жағдай қайталанбас үшін, сондай-ақ өлімге әкелетін өте ауыр жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындарға санитарлық шаралардың бәрін сақтауды ұсынамыз. Күн сайын сіздер мен біздің амандығымыз үшін жұмыс істейміз. Бірақ жағдайды дәрігерлердің көмегімен ғана реттеу мүмкін емес. Әркімнің жауапкершілігі маңызды рөл атқарады», - деді елорда дәрігері.

Нұр-Сұлтан қаласы дәрігерлерінің айтуынша инфекция жұқтыратындар саны әсіресе мереке күндерінен кейін күрт артады. Адам көп жиналатын орындарда санитарлық нормалар сақталмауынан науқастар саны айтарлықтай көбейеді. Қала тұрғындары үшін бұл байқалмауы мүмкін, бірақ дәрігерлер жағдайдың күрт нашарлағанын көріп отыр.

Айта кетейік, қатаң санитарлық нормалар мен маска режимі міндетті түрде сақталуы тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109