2244

Сіздер көрсеткен қамқорлықтың арқасында Наурыз мейрамының жақындағаны сезіледі – астаналық азамат волонтерлерге алғыс айтты

Елордалық еріктілер «30 игі іс» акциясы аясында жалғыз тұратын зейнеткерлерге, қарт адамдарға аулаларының қарын күреуге көмектесуді жалғастыруда. Бұл жолы олар тыл еңбеккері Иван Молчалинге қолғабыс етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Иван Николаевич жалғыз тұрады. Бірақ өмірінің қиындығына шағымданған емес. Қамқорлығы мен қолдауы үшін мемлекетке ылғи да алғыс айтып отырады. Қарт кісіге аптасына үш мәрте әлеуметтік қызметкер келіп, үй шаруашылығына жәрдем береді. Бұл үйге жиі келетін қонақтың тағы бірі – волонтерлер. Олар ыстық тамақ әкеліп, пеш жағып, үйін тазалап береді. «Астана Жастары» волонтерлері бұл жолы да зейнеткердің ауласының қарын күреп, тазалап шықты.

«Коронавирус пандемиясы басталғанға дейін үйімізден емін-еркін шығып, вирус жұқтырып аламын деп қорықпай, алаңсыз серуендей алатын едік. Ал қазіргі ахуал бұрынғыдай емес. Әсіресе біз секілді қарт кісілер үшін індет аса қауіпті. Қанша дегенмен жасымыз келді, иммунды жүйеміз өте әлсіз. Қазір үйімізден шықпай, дәрігерлердің кеңесін толықтай орындап отырмыз. Мұның бәрі біздің игілігіміз үшін, деніміздің саулығы мен өміріміздің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр ғой. Кейде дәрігерлердің айтқанына мән бермейтіндерді де байқап жатамын. Біреуі жұрт көп жиналатын орындарда алаңсыз қыдырып жүрсе, енді бірі режимді толық сақтамай, өзіне ғана емес өзгелеріне де зиян тигізіп отыр. Мұның соңы дәрігерлерімізге де үлкен жүктеме болып түседі. Қаламыздың, сол сияқты еліміздің барлық тұрғынына қарата мынаны айтқым келеді: дәрігерлер мен эпидемиологтардың кеңесіне жүрдім-бардым қарамаңыздар. Үйлеріңізден орынсыз, әсіресе жұрт көп жиналатын демалыс және мереке күндері шықпаңыздар. Қайта уақытыңызды отбасыңыздың ортасында, үйіңізде өткізгеніңіз абзал», - деп тыл еңбеккері қала тұрғындарына үндеу жолдады.

Ол сондай-ақ зейнеткерлерге, жалғыз тұратын қарт адамдарға және көмекке мұқтаж барлық адамдарға жан-жақты қолдау көрсететін еріктілерге, сол сияқты олардың өміріне бей-жай қарамайтын жастарға алғысын білдірді.

«Жұбайым қайтыс болғалы жалғыз қалдым. Көп ұзамай пандемия басталды, мен қатарлы қарт кісілердің үйінен шықпауына тура келді. Мұндай қиын шақта да бізді назардан тыс қалдырмайтыны жаныма жылу сыйлайды. Волонтерлер келіп, ауламның қарын күреп кетеді. Үйімді тазалап, елімізде болып жатқан өзгерістерден хабардар етеді. Бұл өмірде өзгенің қайғысын бірге көтерісетін мұндай қайырымды жандардың барына қатты қуанамын. Оларға алғысым шексіз. Алдымызда басымызды біріктіретін Наурыз мейрамы келе жатыр, бұл еліміздегі барлық ұлттар үшін бұрыннан келе жатқан мереке. Сіздер көрсеткен қамқорлықтың арқасында Наурыз мейрамының жақындағаны сезіледі. Осындай игі істерді көбірек жасауға ұмтылайық!» - деді Иван Николаевич.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109