2369

Нұр-Сұлтанда биыл тағы бір проблемалы құрылыс аяқталады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір құрылыс биыл аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Құрылысы ұзаққа созылған нысандар қаланың эстетикалық келбетін бұзады, жаңа нысандарды салу кезінде де белгілі проблемалар туғызады. Әрбір нысанның өз тарихы бар, бұл - адамдардың тағдыры. Осы жылдар ішінде пәтерін күтіп жүрген үлескерлердің балалары өсті, немерелері пайда болды, өкінішке қарай, пәтерін көрмей кеткендері де бар.

Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес үлестік құрылыс объектілерін аяқтау бойынша жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізудеміз. Осындай нысанның бірі - "Шығыс". Құрылысы ұзаққа созылған "Шығыс" тұрғын үй кешені бірнеше топтан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 2 мыңнан астам отбасы. Бүгін осы нысанға бардым. Бұл - "Шығыс" тобының 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3Б, 4А (бірінші кезегі) блоктары.

Барлық блоктарға қаржы бөлінді, қаржылық және техникалық аудит жүргізілді. Техаудит қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды: үйдің іргетасы мен жақтауының беріктігін тексеру қажет болды және т. б. Барлық блоктар бойынша мердігерлер анықталды.

Мысалы, 1А және 1В блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізілді, лифтілер мен терезелер орнатылды. Инженерлік желілер жүргізілді. Жұмысшылар ішкі безендіруге кірісті.

2А және 2В блоктарында үйдің жақтауы көтерілді. Сондай-ақ, шатыр салу жұмыстары аяқталды. Қазір терезелер мен лифтілер орнатылып жатыр.

3А және 3Б блоктарында үйдің қаңқасы мен шатыры бойынша ұқсас жұмыстар жүргізілді. Лифтілер мен терезелер орнатылады. 4А блогында (1 кезек) монолитті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Құрылыс жұмыстарын аяқтап, бұрын аталған тұрғын үй блоктарын биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) құрылысы ұзаққа созылған нысандар санын 2 есеге азайттық. Биыл тағы 7 мыңға жуық үлескерге баспана беріледі. Үлестік құрылыстың әрбір объектісі бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары жасалды», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109