2622

Елордада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін сауда орындарының басшыларымен келісім жасалды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Әсем», «Әлем», «Шапағат», «Биг Шанхай» және «Шарын» азық-түлік базарларының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне шекті сауда үстемесін орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Азық-түлік нарықтарының өкілдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері бойынша 15%-дан аспайтын, ал көпшілік позиция бойынша 7-10%-дан аспайтын бірлескен меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша «Magnum», «Small», «Аян», «Астықжан», «Кеңмарт» және т.б. сауда желілерімен меморандум жасасу бойынша іс-шаралар пысықталуда.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «айналым механизмі» аясында 8 субъектімен шарттарға қол қойып, 4,6 млрд теңге сомаға қарыз бөлді.

Бұл ірі сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 18 позицияларын төмендетілген бағамен сатуға мүмкіндік берді:

- «Ақмол» дүкендерінде 2021 жылдың желтоқсанына дейін 10 тауардың (сүт, айран, тауық еті, сүзбе және т.б.) бағасы бекітілді.
- «Магнум» сауда желісінде 16 позицияның (сүт, айран, тауық еті, сүзбе және т. б.) бағасы бекітілді;
- «Аян», «Астықжан» және «Кеңмарт» дүкендерінде күнбағыс майының 2 түрі («Лето», «Хозяюшка») 460 тг/л бағада сатылады.
- «Магнум», «Астықжан», «Вкусмарт», «Метро» желілерінде күріш 245 тг/кг бағада және қарақұмық жармасы 330 тг/кг бағада сатылады.

Көкөніс өнімдері 6 нысанда («Шапағат», «Рахмет», «Вкус Март», «Анвар», «Астықжан» және «АQMOL») қала бойынша ең төмен бағалар болып табылатын бекітілген бағалармен сатылады.

Картоп-89 тг/кг, қырыққабат-90 тг/кг, пияз-80 тг/кг, сәбіз-77 тг/кг.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109