2683

Елордада «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлік субъектілер саны күн сайын артып келеді

Бүгінде елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 57-ге дейін жетті. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймаққа енгендіктен мобильді қосымшамен жұмыс істейтін мекемелердің саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq»мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Мекемеге кірер кезде және шығар сәтте QR-кодтар белгіленеді. Осы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе тасымалдаушы еместігі туралы мәртебесі анықталады.

Қазір қосымшаны фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг клубтары, компьютерлік клубтар мен сауналар пайдаланады.

Кәсіпкерлер үшін жобаның артықшылығы — оның аясында жұмыс істей отырып, қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметтін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.

Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:

–– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;

– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;

– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;

– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін «Ashyq»жобасына қатысушылардың тізімімен қала әкімдігінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109