2827

Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне арналған бұқаралық іс-шаралар өтпейді

Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа енгендіктен коронавирустың таралу қаупі әлі де жоғары. Осыған байланысты Наурыз мерекесінде болатын дәстүрлі бұқаралық іс-шаралар өтпейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аурудың қаупі әлі де жоғары, бұған эпидемиологиялық жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының 10 наурыздан бастап «қызыл аймаққа» енгені дәлел. Мұндай жағдайда бұқаралық іс-шаралар, концерттер мен қойылымдар қоюдың соңы қала тұрғындарының өміріне қауіп тудырады.

Дегенмен мерекелік көңіл күй орнату үшін ашық ауада қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылады, яғни қаланы безендірген түрлі-түсті фотоаймақтар мен декорациялар орнатылады. Халқымыздың ежелден келе жатқан киіз үйі, жайлауды еске түсіретін жасыл кілемдері мерекенің көркін арттырмақ. Бұл жұмысқа бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Айта кету керек, Наурыз мерекесі күндері полиция мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады. Олар жұрт көп жиналмас үшін қаладағы жағдайды қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл елордада Наурыз мейрамын тойлау – «игі істер» марафонының аясында көптеген қайырымдылық акциялары өтетін болады. Қала тұрғындары мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетуге шақырылады: азық-түлік тарату, жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларының қарын күреу, дәрі-дәрмек алып беру. Бұл жағдайда санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет.

Сонымен қатар, демалыс күндері уақытты қызықты өткізу үшін қаланың мәдени мекемелері теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көптеген онлайн-іс-шаралар дайындап отыр. Олардың арасында концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, тарихи-танымдық дәрістер мен конференциялар бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109