3331

Нұр-Сұлтанда құрылысы жеті жылға созылған нысан пайдалануға берілді

Бүгін елордада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің бірінің құрылысы аяқталғанын мәлім етті. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін – біз және «Зере-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үшін қуанышты күн! Мерекелік күндер қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталды. «Зере-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу бойынша соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Осылайша 7 жылдан астам уақыт бойы пәтерлерін күткен 200-ге жуық отбасының мәселесі шешілді.

Үйдің қаңқасы ғана болған. Бірінші кезекте үй мен инженерлік желілердің барлық жобалық-сметалық құжаттамасын дайындадық. Тұрғын үй кешені су, электр, жылу, кәріз сияқты инженерлік желілерге қосылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің қасбеті бойынша жұмыстар жүргізілді, терезелер, лифтілер, есіктер және т. б. орнатылды. Көктемде абаттандыру жұмыстарын бастауды тапсырдым.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бері) құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 2 еседен астам азайды. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

Биыл пәтер кілттерін тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз. Осылайша үлескерлер көптен күткен қоныс тойын тойлап, пәтер иегері атанбақ», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109