3064

COVID-19 індетімен күресте көзге түскен елорда тұрғындары «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Наурыз мерекесі қарсаңында елорданың алты тұрғыны коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі ерен еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Марапаттарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен табыс етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Пандемия басталғаннан бері көптеген сала мамандары, қарапайым азаматтар коронавирус инфекциясының тұрақтануы үшін бәрін жасауда. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша әр саланың мамандарын естелік медальдармен атап өту туралы шешім қабылданды. Марапаттау рәсіміне дәрігерлер, педагогтар, журналистер, қоғам белсенділері қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» медалімен марапатталғандарыңызбен құттықтаймын. Пандемия кезеңінде үлкен жұмыс жүргізілді. Ол әлі де жалғасып жатыр. Қауіпті инфекциямен қазір де күресіп жүрміз. Мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, қоғам қайраткерлеріне, белсенділерге, еріктілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олардың бәрі қаламыздың, еліміздің игілігі үшін жұмыс істеп жүр. Сондықтан біз ұйым жетекшілерімен бірлесіп, сіздерді құрмет белгілерімен марапаттау туралы ұсыныс жасадық. Қала басшылығының атынан жұмыстарыңызға табыс, сәттілік, мықты денсаулық және бастарыңызға амандық тілеймін. Пандемия басталғаннан бері ең маңызды тілек – денсаулық болып отыр және солай болып та қала береді», - деп атап өтті Бақтияр Мәкен құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар әкім орынбасары бәрін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, денсаулық, амандық және табыс тіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109