3867

Сарыарқа ауданында зейнеткерлерге арналған «Қазына» орталығы ашылды

Наурыз мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтанда «30 игі іс» қайырымдылық шаралары аясында Сарыарқа ауданының зейнеткерлеріне арналған «Қазына» бос уақыт өткізу орталығы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталықта жаттығу залында спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, келушілер бос уақыттарын түрлі үстел ойындарын ойнап, әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыра алады.

Орталықтың ашылу салтанатында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысушыларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, қала ардагерлеріне белсенді өмір салтын жүргізуге барлық жағдай жасалатынын атап өтті.

«Екі жыл бұрын осындай орталықтарды ашу мәселесін көтердік. Өткен жылы қала әкімі Алтай Сейдірұлының бастамасымен осындай 10 орталық ашу туралы шешім қабылданды. Өздеріңіз білетіндей, мұндай орталық Есіл ауданында да ашылды. Сол кезде елордамыздың басқа аудандарында ойын-сауық орталықтарын ашу туралы ұсыныс қозғалды. Міне Наурыз мерекесі қарсаңында Сарыарқа ауданында ардагерлерге арналған кезекті бос уақытын тиімді өткізу орталығын ашып отырмыз. Сіздерді орталықтың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілеймін!» — деді елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Іс-шара барысында зейнеткер Григорий Шишов осындай орталық ашқан қала басшылығына алғысын білдірді.

«80-ге қараған шағымда еліміздің ардагерлеріне көрсетіліп жатқан қамқорлығын көргеніме қуанамын. Уақытылы зейнетақымызды да алып жатырмыз, жұрттың бізге көмектесуге деген ықыласын да жиі байқаймыз. Бізге спортпен шұғылдануға, қатарластарымызбен бас қосуға және белсенді өмір сүруге ынталандыратын кешен берілді. Бізге осындай үлкен сыйлық жасаған Есет Берікұлына ерекше алғыс айтқым келеді. Енді бос уақытымызда бас қосып, шүйіркелесетін орнымыз бар. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын!» — деді зейнеткер.

Айта кетейік, бүгінде Сарыарқа ауданында 25 мыңнан астам зейнеткер, оның ішінде 7 соғыс ардагері, 1 240 еңбек ардагері бар. Олардың бос уақытын ұйымдастыру үшін ауданда зейнеткерлерге арналған 3 орталық жұмыс істейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109