4266

Нұр-Сұлтанның құрылыс компаниялары кезекте тұрғандар үшін жеңілдікпен берілетін баспана салады — Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жеңілдікпен салынатын баспаналар мәселесі қандай жолдармен шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Тұрғын үй мәселесі - басым бағыт. Ірі жетекші құрылыс компанияларымен және Отбасы банкімен (тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) бірлесіп, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойдық. Олардың қатарында мысалы, Bazis-A, BI-group, G-park, ҰАК және т.б. құрылыс компаниялары бар.

Бұл келісім белгіленген баға бойынша 8 мыңнан астам жеңілдікпен берілетін пәтер салуға мүмкіндік береді, бұл - 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй! Қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйге 160 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Бұл тұрғын үйлер кезекте тұрған Отбасы банкінде шоттары бар азаматтарға арналған.

Қол қойылған меморандум бірден бірнеше міндетті орындауға мүмкіндік береді: көп пәтер салып, сол арқылы кезекте тұрғандар санын қысқарту, инвестициялар есебінен құрылыс саласын ынталандыру, қосымша жұмыс орындарын құру.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2900 баспана салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік үй салынды.

Биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109