3391

Елорда әкімі Наурыз мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сіздерді табиғаттың жаңаруы, көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Қала тұрғындары бар жақсылықтың, отбасы және мәдени құндылықтардың символы болып табылатын бұл жарқын мерекені ерекше күтеді!

Биыл эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мерекелік іс-шаралар болмайды.

Осы жылы Наурыз мерекесі "Қайырымды істер" ұранымен өтіп жатыр. Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткіземіз, мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз.

Мереке күндері 2 мыңнан астам азық-түлік себетін таратамыз. Олар егде жастағы адамдарға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға беріледі.

Себеттерді жинауға қалалық мәслихат депутаттары, Halyk bank, кәсіпкерлер, еріктілер, белсенді қала тұрғындары және т.б. көмек көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, "қайырымды істер" жалпыұлттық марафоны аясында аулаларды қар мен мұздан тазартуға, дәрі-дәрмектерді тасымалдауға көмек көрсетіледі. Наурыз – жаңару мерекесі, адамдар жақындарына көмек қолын созатын кез.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!» — деді қала әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109