3419

Наурыз мерекесіндегі игі іс: елордалық спортшылар 80 жастағы ақсақалдың ауласының қарын күреуге көмектесті

Биыл Нұр-Сұлтанда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін атап өту игі істерге арналады. Сауабы мол мұндай істен елордалық спортшылар да шет қалмады. Олар елордада қарт кісілердің ауласының қарын күреуге көмектесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бір топ әлем және Азия чемпиондары Үркер тұрғын алабында тұратын 80 жастағы ақсақал Мереке Ақашев пен «Алтын Алқа» иегері Марғима әжейдің ауласының қарын күреді. Олар игі іске атсалысқан жастарға алғыстарын айтып, баталарын берді.

Айта кету керек, әрдайым қайырымдылық шараларының басы-қасында жүретін елорда спортшылары қар шығару үшін арнайы техниканы да жұмылдырды.

Акцияға 20-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында джиу-джитсудан әлем чемпионы Ислам Мамилов, муай-тайдан әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков, киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионы Әлішер Карменов, таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Қанат Бағжан, таэквондодан «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының жеңімпазы Ерасыл Бекболат бар.

Іс-шара санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109