3359

Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне орай әлеуметтік аз қамтылған екі мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті табысталуда

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл Наурыз мерекесі «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр. Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткізіліп, мұқтаж адамдарға азық-түлік себеттері таратылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 22-24 наурыз аралығында «Қайырымды істер» аясында 2 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Наурыз тек қана күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес. Бұл – бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Наурыз – жаңару, халықты бірлікке ұйыстыру мерекесі, сондықтан жұрт бірігіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуы керек.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, мерекенің қазіргі тұжырымдамасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада «30 игі іс» қайырымдылық іс-шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Ал қарлы күндері мұқтаж жандардың аулаларының қарын күреу де назардан тыс қалған емес. Барлық іс-шаралар елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Өздеріңіз білетіндей, жыл басынан бері «30 игі іс» аясында көптеген іс-шараларды жүргізіп келеміз. Мұндай акциялар 1 наурыз – Алғыс айту күнінде де, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні де атқарылып, екі мыңнан аса отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қала басшылығының тапсырмасымен Наурыз мейрамында да екі мыңға жуық отбасыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның барысында зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылады. Бұл іс бүгін қаламыздың төрт орнында жалғасып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Наурыз мейрамын жаппай мерекелеу мүмкін емес. Ал мұндай ізгі іс тұрақты түрде жалғасады. Қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткен мәслихат депутаттарына, Halyk Bank-іне, меценаттарға, кәсіпкерлерге, волонтерлерге, сол сияқты қаламыздың белсенді тұрғындарына ерекше алғыс айтамын», – деді Бақтияр Мәкен.

Сөзін жалғай отырып, қала әкімінің орынбасары өзгелерін де осындай қайырымдылық іс-шараларына қолдау көрсетуге, мұқтаж жандарға жәрдем етуге, сол сияқты қар күреу, дәрі-дәрмектер жеткізіп беру, азық-түлік сатып алу секілді игілігі мол шараларға атсалысуға шақырды. Ол өз сөзінде құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт тілеп, коронавирус пандемиясынан аман-есен өтуді тіледі.

Өз кезегінде, мерекелік себетке ие болған тұрғындар да ризашылықтарын білдіріп, елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бүгін, яғни 22 наурыз күні азық-түлік себеттері Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданы бойынша 600-ден астам отбасыға жеткізілді, өзгелеріне жақын күндері таратылатын болады.

Сонымен бірге, әкімдік елордада коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де жоғары екенін ұмытпауды еске салып, мереке күндері адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға шақырады.

Мереке күндерін үйде, отбасымен бірге, яғни шағын ортада өткізген жөн. Демалыс күндері уақытты қызықты өткізу үшін қаланың мәдениет мекемелері теледидар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткізілетін онлайн іс-шаралар кешенін дайындағанын естеріңізге салады. Олардың арасында концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, тарихи-танымдық дәрістер мен конференциялар, акциялар мен конкурстар бар.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109