3291

Нұр-Сұлтанда мобильді топ 200 адамға арнап өтіп жатқан корпоративтің жолын кесті

Каратиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Елордалық мейрамханалардың бірінде 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткег демалыс күндері, сол сияқты 20 және 21 наурызда мобильді топтар елорданың төрт ауданында орналасқан 10-нан астам мекемеде карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады.

Байқоңыр ауданында орналасқан "Porta fortuna" мейрамханасында 20 наурызда 200 қонақтың қатысуымен корпоративтік кеш өткізілді.

Сонымен қатар, қала санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс режиміне қарамастан "Рыба моей мечты" караоке залы және "Шашлыкофф" гриль бары келушілерге сағат 22.00-ден кейін де қызмет көрсетті. Есіл ауданындағы "ALANYA" караоке-мейрамханасы да осындай бұзушылыққа жол берді.

Екі күннің ішінде Сарыарқа ауданында мобильді топтар 6 мекемедегі бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, "Гаухартас" мейрамханасы сағат 22.50-де келушілерді қабылдауды жалғастырды, сонымен қатар тексеру кезінде мекемеде 110 адам болғаны анықталды. Сағат 00:00-ден кейін де "Дольче" караоке бары және "Хива" мейрамханасы жұмыс істеді, бұл карантиндік шектеулерді өрескел бұзу болып саналады. Тыйым салынған уақытта "Шербет", "Sky Smoke", "Нирвана" түнгі клубы, барлар да ашық болды.

Алматы ауданында үш қоғамдық тамақтану нысаны - "The Dubliner", "Спасибо пацанам" және "Чим-чим" кафелері жұмыс режимін бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймаққа орналасқан. Карантин режимін бұзуды анықтау бойынша мобильді топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Елордада CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз деп бағалануда, сондықтан елордалықтардан адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды және мүмкіндігінше үйде болуды сұрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109