3315

Елордалық еріктілер Наурыз мейрамына орай мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты

Биыл елордада Наурыз мерекесін тойлау «Қайырымды істер» ұранымен өтеді. Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Наурыз мерекесіне арналған «Бауырсақ party» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қала тұрғындарына өздері дайындаған бауырсақтарды тарту етті.

Дәстүрлі акцияға қатысушыларды көктемнің басты мерекесімен ҚР Мәжіліс депутаты Владимир Тохтасунов құттықтады. Ол барлығына денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығының жетекшісі Әскер Пириев түсіндіргендей, пандемияға байланысты бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізу мүмкін емес, сондықтан  қаланың төрт ауданындағы барлық жүргіншілерге бауырсақ таратылып, ізгі тілектер  жолданды.

«Бүгін Наурызды тойлау аясында біз «Бауырсақ party» өткіземіз. Қаланың барлық 4 ауданында өтіп бара жатқандарға бауырсақ таратып, баршаңызды мерекемен құттықтаймыз. Сол арқылы біздің мерекеміз бен ұлттық тағамымызды насихаттаймыз. Бауырсақ-Қазақстан халқының бірлігі факторы. Бүгінде ол бізді барлық уақытта біріктіргендей біріктіреді», – деді ол.

Акция елордалық Достық үйінде басталды, ыстық бауырсақтары бар көліктер қаладағы адамдар көп жиналатын орындарға шықты.

Ұйымдастырушылар іс-шара ұлттық мерекенің жалпы рухын қолдау мақсатында, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына жағымды көңіл-күй сыйлау үшін өткізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, бұл күні ҚХА мүшелері көмекке мұқтаж 30 отбасына азық-түлік себетін жеткізеді.

«Мерекеге орай бір апта бойы көп балалы отбасыларға, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізетін боламыз. Жақында Ақкөлдегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар, кітаптар сыйладық, оларды ұлттық дәстүрлермен таныстырдық», — деді Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктісі Наргизам Махмудова.

Айта кетейік, игі істер Наурыз мейрамын тойлау күндері де жалғасын табады. Сонымен, мерекеге орай екі мыңға жуық азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109