2580

Елордалық ТЖД ауа райының нашарлауына байланысты құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр

Құтқарушылар қарлы боранмен күресуде. Қазгидрометтің мәліметінше, осы жылдың 23 наурыз күні сағат 21:00-ден 24 наурыз сағат 21:00-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Авариялық-құтқару, кезек күттірмейтін жұмыстарға, патрульдеуге қаланың шұғыл қызметтерінің жеке құрамы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, ҚР ІІМ, ЖАО, жол қызметтері жұмылдырылды. "Рубеж" бекеттерінде автокөліктер жиналып қалды: 135 жеңіл көлік, 29 жүк автокөлігі, оның ішінде: Щучинск қаласы бағытында - 40 жеңіл, 10 жүк автомобилі; Қарағанды қаласы бағытында - 15 жеңіл, 7 жүк автокөлігі; Қорғалжын кенті бағытында - 30 жеңіл, 5 жүк автомобилі; Павлодар қаласы бағытында - 50 жеңіл, 7 жүк автокөлігі тұр.

Елордалық құтқарушылардың күшімен осы уақытқа дейін 18 адам, оның ішінде 2 бала, сондай-ақ 5 бірлік техника құтқарылды. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ, көрінудің шектелуі) Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар автожолдар учаскесінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

Құрметті азаматтар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қала сыртына шықпауға, шұғыл қызметтердің ескертуіне құлақ асуға, балаларды ересектердің қарауынсыз көшеге шығармауға кеңес береді; үйде жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз; жүргізушілер жолда қауіпсіз жылдамдықпен жүруі керек, сондай-ақ қауіпті маневрлерден аулақ болу керек; жолдардың ашылуы немесе жабылуы туралы ақпаратты біздің «112-Nur-Sultan» Телеграмм арнасына, сондай-ақ 112 телефоны бойынша қадағалай аласыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109