2900

Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте айлық нормадан көп қар жауды

Нұр-Сұлтанның коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тек өткен тәулікте (23 наурызда) елордада 26 мм-ден астам қар жауды, бұл айлық нормадан 8 мм артық, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтаннан 83 мың текше метр қар шығарды. 23 наурыздан 24-іне қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және басқа да қоғамдық кеңістікті санитарлық тазалауға 1200-ге жуық арнайы техника мен 200-ге жуық жол жұмысшы тартылды. Өткен түнде КамАЗ арқылы полигондарға 3700-ге жуық рейс жасалды. Ал өткен тәулікте 5700-ден аса рейс шығарылды.

Бүгін, 24 наурызда қар күреу жұмыстарына 1500-ден астам арнайы техника мен 1800-ге жуық жол жұмысшы шықты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстары үздіксіз екі ауысымдық режимде, яғни кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүріп жатыр.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады.

Жиналған қар елорданың 11 полигонына шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109