2537

Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

Елордалық волонтерлер қар күреп жүрген санитарлық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Басымыз қосылып, қала тазалығында жүрген қызметкерлерге көмек болсын деген ниетпен ыстық шай мен ыстық бауырсақ таратып жүрміз. Бұл шараның бәрі «Қайырымды істер марафоны» аясында өтіп жатыр», — деді қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Елордалық волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратып қана қоймай қар күреу жұмысына да көмек көрсетті.

«Осындай қайырымды іспен айналысып жүрген жастарға көп рахмет. Ауа райының суығына қарамай көше тазалап, бес сағаттан бері қар күредік. Ешқайда шыға алмаймыз. Сіздерге рахмет, бойымыз жылып, әлденіп қалдық», — деді қар күреп жүрген қызметкер Мақсұт Кенже.

Санитарлық қызметкер Ырысты Нығыманова өз сөзінде жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтап өтті.

«Сіздерге көптен көп рахмет! Келген Наурыз мейрамы құтты болсын! Отбасыларыңызға береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Ас таратып, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға алғысым шексіз», — деді Ырысты Нығыманова.

Айта кетейік, бүгін қала көшелерінің қарын күреуге екі мыңға жуық жол жұмысшы мен 1400-ден астам техника жұмылдырылды. Өткен тәулікте қаладан 100 мың текше метрден аса қар шығарылды. Ал елордаға қар жауғалы бері 4 637 884 текше метр қар шығарылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109