2296

Елорданың мониторингтік топтары өткен түнде карантин режимін бұзған бес мекемені анықтады

Елордада шектеу шараларын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Ескертулерге қарамастан, әкімшілік жауапкершілікке тартылса да қалада кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуы күн сайын тіркеледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 24 наурыздан 25-іне қараған түні карантин режимін бұзған 5 мекеме анықталды.

Есіл ауданында «VZлетный» ресто-бары мен «Шишка» лаундж-бары шектеулерге қарамастан тиісті режимді бұза отырып жұмыс істеді.

Мобильді топ осыған ұқсас бұзушылықты Алматы ауданында орналасқан «WEST» компьютерлік клубында тіркеді.

Сонымен қатар, сағат 00.00-ден кейін Сарыарқа ауданындағы «Среда» ресто-бары мен «Red House» монша кешені келушілерге қызмет көрсетті.

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында жазылған шектеулерді «Мята»лаундж-бары, сондай-ақ Байқоңыр ауданында орналасқан кафелердің бірі сақтамаған.

Жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау және тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Айта кетейік, елордада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын орындарға бармауды, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және басқа да санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауды кеңес етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109