2326

Өткен тәулікте елордадан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар күреу жұмысына 1 148 арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы күндері елордада айлық нормадан бірнеше есе көп қар жауды. Нұр-Сұлтанның коммуналдық қызметтері екі ауысымды режимде жұмыс істеп жүр. Өткен тәулікте, яғни 25 наурызда қаладан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Бүгін елордада қар күреу жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы мен 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, ереже бойынша бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелердің қары күреледі. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар тазартылады.

Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған. Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 4 774 244 текше метр қар шығарылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109