2523

Елордада қар күреу жұмысына 1 800-ден астам коммуналдық қызметкер мен 1 500-ге жуық арнайы техника шықты

Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде екі ауысымда, яғни кешкі және түнгі уақытта жүргізіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

25 наурыздан 26-сына қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 1 148 бірлік арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте қаладан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Бүгін, яғни 26 наурызда елордада қар күреу жұмысына 1 500-ге жуық арнайы техника мен 1 884 жол жұмысшы шықты.

Айта кетейік, бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазаланады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. аумақтардың қары күреледі.

Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған. Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан 4 774 244 текше метр қар шығарылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109