2699

Көліктерді жол жиегінде қалдырмаңыз: елорданың коммуналдық қызметкерлері жүргізушілерге үндеу тастады

Елорданың коммуналдық қызметкерлері жүргізушілеріге көліктерін көше жиегіне және рұқсат етілмеген орындарға қалдырмауды өтінді, себебі көліктер қар күреу кезінде кедергі келтіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы күндері Нұр-Сұлтанда ауа райы күрт бұзылып, айлық нормадан бірнеше есе артық қар жауды. Коммуналдық қызметтер екі ауысымда үздіксіз жұмыс істеп жүр. Күн сайын елорданың көшелері, тротуарлары, жолдары, алаңдары секілді өзге де қоғамдық орындардың қарын күреуге екі мыңға жуық жол жұмысшы мен 1 500-ге жуық арнайы техника шығады.

Сонымен қатар, қар күреу жұмыстарына жол жиегінде қалған немесе үйлердің аулаларында, кірме жолдарда ретсіз тұрақталған машиналар қиындық тудырады. Бұл арнайы техниканың өтуіне және учаскелерді тазалауға кедергі келтіреді.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Көліктеріңізді жол жиегіне, рұқсат етілмеген орындарға қалдырмауды сұраймыз. Өйткені көбінесе осы себеппен арнайы техника сол орындардың қарын күрей алмай жатады. Мұның бәрі қар күреу жұмысын қиындатып, баяулатады. Қаланы бірігіп таза және жайлы етейік!» — деді коммуналдық қызметкерлер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109