2732

Елордада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдіретін кәсіпкерлер қатары артып келеді

Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары 61-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл» аймаққа енгендіктен «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдіретін, бұл жобадан шет қалғысы келмейтін кәсіпкерлік субъектілер қатары артып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына 61 кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Оның ішінде 22 фитнес клубы, 12 спа-орталық, 4 бассейн, 3 боулинг клубы, 16 компьютер клубы, 4 сауна бар.

Жоба аясында кәсіпкерлік субъектілері Денсаулық сақтау министрлігінің ПТР-зерттеулер туралы деректер базасымен біріктірілген «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істейді. Жобаның артықшылығы — кәсіпкерлік субъектілерінің қай аймаққа орналасқанына қарамастан қызметін қайта бастауына немесе жалғастыруына болады.

Айта кету керек, мекемеге кірер сәтте келушілерге түстер бойынша мәртебе беріледі:

– «қызыл» мәртебе – қозғалысқа шектеу, өйткені адам амбулаториялық емделуде;
– «сары» мәртебе – ішінара шектеу, яғни ПТР арқылы байланыста болған;
– «көк» мәртебе – ПТР-анықтаманың болуы міндетті орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеулер жоқ;
– «жасыл» мәртебе – COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен адам үшін шектеусіз қозғалыс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109