3324

CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып отыр — елорданың санитарлық дәрігері

Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 17 күннен бері «қызыл аймақта» тұр. Күніне 150-ден 280-ге дейін жағдай тіркеледі. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала 17 күннен бері эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күніне 150-ден 280-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 21%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 129,6 құрады. Репродуктивті саны — 0,99», — деді Бейсенова.

Санитарлық дәрігердің мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 10 мыңнан асты, пандемия басталғалы 28 756 жағдай тіркелді (оның ішінде 18 285 — симптоматикалық және 10471 — симптомсыз).

Ақпан айында сырқаттанушылық динамикасы қаңтармен салыстырғанда 25%-ға төмендегені байқалды. Алайда, соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткіш — қаңтар айында орын алған жоғары деңгейдің қайталанып отырғаны байқалады.

«Осы мерекелік аптада науқастармен байланыста болғандар саны 10%-ға өсті, яғни 500-ден 735 адамға дейін, бұл қала тұрғындарының карантиндік шараларды, оның ішінде үй карантин режимін сақтамағанын көрсетеді. Сонымен қатар, өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында аурудың 5%-ға, яғни 210-нан 339-ға дейін өсуі байқалады», — деп атап өтті елорданың бас санитарлық дәрігері.

Қазіргі уақытта белсенді ошақтар саны – 1 512, оның ішінде: үй – 976, ұйымдастырылған – 536, онда 3361 байланыста болған адам медициналық бақылауда.

Елордада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала тұрғындары мен қонақтары карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109