2679

Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мәжіліс залында онлайн режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЖАҢАРУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ұйымдастырды.

Аталған шараға мемлекеттік органдардың, «Nur Otan», ҚХП, «Ақ жол» партияларының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, ЖОО басшылары, мәслихат депутатттары, ҮЕҰ, «Атамекен» ҰКП өкілдері, «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің белсенділері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Мемлекет басшысы өз жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп атап өткен болатын. Қазіргі заманның геосаяси жағдайында билік пен қоғам арасында диалог, яғни тұрақты байланыс арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан біз ҮЕҰ рөлін қолдай отырып, оларды жалпы мемлекеттік маңызды міндеттерді талқылауға тартуымыз қажет», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сарапшылық талқылауда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов сөз сөйлеп, өз ойымен бөлісті.

«Адамзат өміріне қауіп төндіретін төрт үлкен қасірет бар. Ол – соғыс, аштық, індет және жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтан келетін зауал тұтас халықтардың, ұлттың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Әрине онымен күрес — ең алдымен мемлекеттің міндеті. Бірақ бұл күрестің нәтижесі бірінші кезекте қоғамның ынта-жігеріне, әрбіріміздің ішкі мәдениетініміз бен ұстанымызға байланысты. Осы бағыттағы жұмыс — Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ең маңызды міндеттерінің бірі», – деді ол.

Семинардың мақсаты — сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Халықтың құқықтық сауаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109