3033

Елордада өткен түнде карантин талаптарын бұзған 10-ға жуық мекемеге айыппұл салынды

Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, осыған байланысты қалада шектеу шаралары күшейтілді. Кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуына жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр. Осыған қарамастан кейбір мекемелер бас санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған талаптарды елемей отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде, яғни 26 наурыздан 27-сіне қараған түні мобильді топтар қаланың төрт ауданында карантин режимін бұзған 10-ға жуық мекемені анықтады.

Мәселен, Сарыарқа ауданындағы «Нирвана» түнгі клубы сағат 23.00-ден кейін де жұмыс істеді. Ал Бас санитарлық дәрігердің қаулысында 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Осыған ұқсас заңбұзушылыққа «Asiatiq» мейрамханасы да жол берді, ал «Adagio» караоке-бары жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен. Екі мекеме де Есіл ауданында орналасқан.

Алматы ауданында орналасқан төрт бірдей қоғамдық тамақтану нысаны белгіленген жұмыс режимін бұзды. Олардың арасында «Панаехали», «До утра» барлары, «Зина» мейрамханасы, «Шах» кафесі бар.

Байқоңыр ауданында орналасқан «Шашлыкофф» гриль бары мен «Рыба моей мечты» караоке залы да карантин режимін бұзды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдау және оларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда карантиндік және шектеу шаралары күшейтілген болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық нормалар мен карантин режимінің талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109