3073

Елорда тұрғындарының іске асырылатын идеялары үшін дауыс беру жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Birge сайтына 40 күн ішінде 240-тан астам ұсыныс түскенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Мен Birge платформасының іске қосылғаны туралы хабарлаған болатынмын. Онда елордамызды дамыту бойынша ұсыныстарыңызды жібере аласыздар. Ұсыныстарды бірнеше бағыттарға бөлдік. Апатты жағдайдағы ескі үйлер, экология, газдандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктер, көшелерді жарықтандыру, жануарларды қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, білім беру, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, көлік және т. б. санаттар бар.

Birge сайтына 40 күн ішінде қала тұрғындарынан 240-тан астам ұсыныс түсті. Олардың қатарында бірыңғай студенттік карта құру және жаңа қоғамдық кеңістіктер ашу, көлік, ТКШ салаларына ақылды технологияларды енгізу және т. б. бар.

Бастапқы кезеңде 30-ға жуық ұсыныс іріктеліп, олар бойынша дауыс беру іске қосылды. Онлайн-дауыс беруге қоғамдық кеңістік, ТКШ, білім беру, бизнес, экология, жануарларды қорғау, көшелерді жарықтандыру, көлік, урбанистика-қалалық орта, туризм, мәдениет, әлеуметтік сала сияқты санаттар ұсынылған. Сіз өзіңізге ұнайтын идеяға дауыс бере аласыз. Қала тұрғындарының көпшілігі қолдаған идеяларды жүзеге асырамыз. Алғашқы 30 жоба бойынша онлайн-дауыс беру 18.03-18.04.2021 аралығында ашылды.
 
Сонымен қатар, қала тұрғындары қаланы одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады. Бірлесіп елордамызды одан да жайлы ете аламыз!» — деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109